Атырауда Жылыойдан эвакуацияланғандарға көмек көрсетілді

Атырауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі Жылыойдан эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсетті.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға зық-түлік, киім-кешектер, көрпе-жастықтар тапсырылды.

Айта кетелік, Атырау облысында жетінші сәуір күні төтенше жағдай жарияланды. Тасқын су басу қаупіне байланысты, қазіргі уақытта облыс көлемінде қауіпсіздік шаралары атқарылып жатыр.