amin.kz/ 7 тамыз , 2020 жыл. Барлығы 6 оттегі аппараттарын орталық ауруханаға Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов тапсырды.
Оттегі апаратттарын «Сәби» қайырымдылық қоры арнайы демеушілікпен жеткізіп отыр.
«Пандемияға байланысты көп нәрсе өзгеріп жатыр. Өкінішке орай, жұқпалы дерт көптеген адамның өмірін алып кетті.
Шүкір, қазіргі уақытта елдегі ахуал тұрақтанып келеді. Десе де, «Сақтықта қорлық жоқ». Бұл оттегі аппараттары талай өмірді құтқаруға себеп болады деп сенеміз» дейді Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.