Мақат аудандық орталық мешітінде жазғы сауат ашу лагері жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі таңда мешітте мектеп жасындағы 25 бала білім алуда. Шәкірттерге “Құран”, “Сира” тақырыптары бойынша дәріс берілуде.
“Біздің мақсатымыз – жас буынға рухани тәрбие беру. Құран – ғылымның қайнар көзі. Құранды таныған ұрпақтың болашағынан зор үміт күтуге болады” дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.



Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.