Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Мақат ауданында онға жуық азық-түлік дүкені алкогольді ішімдіктер сатудан бас тартты.
Дүкен иелеріне Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов алғыс айтып, кәсіп иелеріне берекелі табыс тіледі.
Жалпы мұндай бастамалардың мешіт ұстаздары және ақсақалдар тарапынан жүргізіліп жатқан уағыз-насихат жұмыстаоы нәтижесінде іске асырылып жатқанын атап өткеніміз жөн.