Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі
Мәскеудегі Қазақстанның Елшілігінде Екінші дүниежүзі соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform елшілікке сілтеме жасап.
Оларды осы жылдың мамыр айында Мәскеу түбіндегі Апалщино ауылы маңынан «Эхо Войны» тобы іздеп тапқан.
Жауынгердің медальонында сақталған жазбаның арқасында Қызылорда облысы Қазалы аудандық военкоматынан әскерге шақырылып, 144-атқыштар дивизиясының 785-атқыштар полкінің құрамында соғысып, 1941 жылы 7 қарашада Мәскеуді қорғау кезінде қаза тапқан Сейлан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі
Мәскеудегі Қазақстанның Елшілігінде Екінші дүниежүзі соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform елшілікке сілтеме жасап.
Оларды осы жылдың мамыр айында Мәскеу түбіндегі Апалщино ауылы маңынан «Эхо Войны» тобы іздеп тапқан.
Жауынгердің медальонында сақталған жазбаның арқасында Қызылорда облысы Қазалы аудандық военкоматынан әскерге шақырылып, 144-атқыштар дивизиясының 785-атқыштар полкінің құрамында соғысып, 1941 жылы 7 қарашада Мәскеуді қорғау кезінде қаза тапқан Сейлан Мәметовтің (1912 жылы туған) жеке басын анықтау мүмкін болды.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев бүгінгі шара болашақ ұрпақ үшін құрбан болған жауынгерлерге тағзым екенін атап өтті.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі
«Сол кездегі адамдардың ерлігі туралы естелік қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі қалады, кітаптарда, әндерде, монументтерде, мемориалдарда, мұражайлар экспозицияларында және көше атауларында бейнеленеді, — деп атап өтті Дәурен Абаев. – Сіздердің еңбекқорлығыңыз бен адалдығыңыз таң қалдырады. Сіздер тарихи жад пен азаттығымыз үшін күрескен тұлғаларды құрметтеуге баға жетпес үлес қосасыздар».
Өз кезегінде «Эхо Войны» іздеу жасағының командирі Геннадий Иванов Сейлан Мәметов сияқты жауынгерлердің арқасында жау Мәскеуді ала алмағанын атап өтті.
«Ол өз өмірін Жеңіс жолында құрбан етті. Өзін аямады, қорықпады, берілмеді, әскери борышын соңына дейін орындады. Қазір бейбіт өмір сүріп жатқанымыз үшін алғысымыз шексіз», — деп атап өтті Геннадий Иванов.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі
Сейлан Мәметовтің туыстары әлі табылған жоқ. Сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, толық әскери құрметпен жерленеді.
Қаза тапқан жауынгерлердің сүйегін табу бойынша қазақстандық және ресейлік іздеу топтарының бірлескен жұмысы жалғасады.