Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат министрлігінің ұйымдастыруымен екі күнге жалғасқан Меккедегі халықаралық конференция қорытындыланып, мәресіне жетті.
Министр Абделатиф бен Абдулазиз әл аш-Шейх жиынды түйіндеп, келген қадірлі меймандарға алғысын білдірді. Ол сөз сөзінде конференцияның мақсаты – ауызбіршілік, ынтымақ, ғалымдардың беделін көтеру, діни басқармалармен тығыз қарым-қатынаста болу деді.
Әлемнің 85 елінен келген мүфтилер мен ғалымдар өз ойларын ортаға салып, бүгінгі мұсылман әлемінің ұстанған бағыты, жаңашылдыққа бет бұру, орта жолды ұстану, Құранға құрмет сынды тақырыптарда сөз сөйледі. Министрлік жиында көтерілген мәселелердің орынды екенін айтып, ескерілетін дүниелердің барын жеткізді.
Конференция соңында Ислам істері, уағыз және насихат министрі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегацияға алғысын білдіріп, ризашылығын айтты.