amin.kz/ 31 тамыз, 2020 жыл. Бүгін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде əлеуметтік жағдайы төмен 40 отбасының баласына жалпы құны 2 миллион теңгеге бағаланған ұялы телефондар тапсырды.
«Жусан» операциясымен елге оралғандар, жат ағымнан қайтқан жалғызбасты аналар жəне əлеуметтік жағдайы төмен отбасылар балалары қамтылған акция барысында бүлдіршіндерге сыйлықтарды Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы табыс етті.
«Пандемияға байланысты мектептегі сабақтар онлайн форматта өткелі отыр. Осыған байланысты, біз бүлдіршіндеріміздің тəлім алуына мейілінше мүмкіндік жасап отырмыз.
Демеушілік жасаған бауырларымызға Алла разы болсын» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.