Атырау облысы бойынша ересектер арасында өткен дәстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионатына іріктеу жарысында “Сұлтан Бейбарыс” мешітінің белсенді жамағаты жоғары нәтиже көрсетті. Орта Азия нысанасы бойынша сынға түскен Қалиев Нұржан Тілекқабылұлы шеберлік пен табандылық танытып, жүлделі III орынды иеленді.
Ал жамбы нысанасы бойынша мергендігін дәлелдеген мешіт ақсақалдар алқасының құрметті мүшесі, Салихов Ғизат II орынға ие болып, жамағат мерейін үстем етті.
Бұл жетістіктер – бабалар аманатын жаңғыртып, ұлттық спортқа жанашырлықпен қарайтын азаматтардың еңбегінің жемісі. ҚМДБ Дін мен дәстүр аясында ұлттық спорттың насихатталуын және мешіт жамағатының белсенділігін қолдайды. Жүлдегерлерді марапаттауға Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қуанышұлы арнайы шақыртылып, жеңімпаздарды марапаттады.


