amin.kz/ 8 сәуір, 2020 жыл. Атыраудың орталық «Иманғали» мешіті ауласына 30 көшет отырғызылды.
«Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осынау атаулы датаға орай, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы көптеген іс – шараларды атқаруды тапсырған болатын. Біз орталық «Иманғали» мешіті ауласына 30 көшет отырғыздық.
Атаулы датаға орай, облыс мешіттерінің барлығына 500 көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз.
Асылында, ағаш егу – өте сауапты іс. Әрқайсымыз мүмкіндігімізше ағаш егіп, гүл өсіруге тырысайық» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы өз сөзінде.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.