Намазға байланысты кей үкімдер

СҰРАҚ: Намаз оқып жатқан бөлмеге орамалы жоқ әйел кісі кірсе намазы бұзыла ма?

ЖАУАП: Әрине, жоқ. Намазды бұзатын жайттар бар. Мысалы: Дәрет бұзылу, дауыс көтеріп күлу, қатарынан бірнеше іс қимыл жасау т.с. Ал бұл жағдай намаз бұзатын жайттарға жатпайды. Әрине намаз оқушы адамның бөлмесіне олай кіру әдепсіздік болады. Өйткені ол жерде періштелер болады. Сондықтан әйел кісі болсын, ер кісі болсын намаз оқып жатқан кісіге құрмет танытып, күткені дұрыс.