Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсармауына байланысты былтыр қолға алынған онлайн дәрістер қайта жалғасады.
Бүгін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жұма насихатын жүргізді. Бас мүфтидің Жұма насихаты әр жұма сайын сағат 13:00-де өтеді. 1 ақпаннан бастап ҚМДБ имам-ұстаздарының онлайн дәрісі жалғасады. Дәрістер күн сайын күндізгі сағат 12:00 мен кешкі сағат 20:00-де тікелей эфирде өтеді.
Дүйсенбі күндері – ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров «Пайғамбарлар тарихы», Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанов «Құран мұғжизалары», сейсенбі күндері – Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров «Хадис тағылымы», Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков «Ислам тарихы», сәрсенбі күндері – Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл «Ихсан ілімі», Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев «Иман негіздері», бейсенбі күндері – Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиев «Отбасы ғылымхалы», Уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Сайфулла «Ислам әдептері», жұма күні Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов «Ислам ғибадаты» тақырыбында онлайн дәріс жүргізеді.
Сондай-ақ, дүйсенбі-жұма аралығында Мақсатбек Қайырғалиев, Қанат Алшынбаев, Құрмет Смағұлов, Бауыржан Отарбаев орыс тілінде дәріс өткізеді. Қазақ тіліндегі дәрістерді мүфтияттың youtube каналынан, орыс тіліндегі дәрістерді @hikmet.tv парақшасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.