Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.
«Қазір елімізде халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту бағытында көптеген жобалар жүзеге асуда. Біз де мұндай игі істен қалыс қалмауымыз қажет.
Заманауи білім беру жүйесін, діни кадр даярлау мен дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру – біздің басты міндетіміз. Осы орайда «Білімді ұрпақ» жобасын жүзеге асырамыз» деді ҚМДБ Төрағасы дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасында.