Бас мүфти тапсырмасына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров және бөлім меңгерушісінің орынбасары Думан Сайфуллин Иордания Хашимит Корольдігінің университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық бір топ шәкірттермен кездесіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемдемесін айтып, ҚМДБ «Зекет» қорының қолдауымен арнайы дастарқан жайып, сұхбаттасты.
Басты мақсат – бабалар салған таза тұнық діни білімді алып, елге қызмет жасау және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен әрдайым байланыста болу қажеттігін түсіндіру.