Нағыз бақыт – жүректің тыныштығында

Бізді жоқтан бар қылып, күллі жаратылысты Басқарушыға, пенделерге күре тамырынан да жақын болып, тура жолға салушы Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! 

Бақыт ұғымын әр адам әр қилы түсінеді.  Біреу оны байлықтан іздесе, әлдебіреу денсаулық деп санайды, біреуді жанындағы жандар бақытқа бөлесе, кейбіреу бақытты мүлдем басқа нәрселерден іздейді.  Бірақ, шынайы бақыт – жүректің тыныштығы болып саналады. Қашан құл Жаратқанды еске алса, жүрегі тынышталады. Бұл турасында Құранда  Рағд сүресінің 28-інші аятында Алла Тағала баян етеді: 

الا بِذِكْرِ اللهِ تَطْمَئنّ القُلُو

       “Біліңдер! Жүректер Алланың Еске алумен тынышталады.” 

Екі дүниеде де ешбір жанның Құдайдың қалауынсыз бақытты бола алмайтындығы хақ. Бақыттың кілті – Жаратушымен болған байланысты түзеуде, барлық нәрсенің төмендігін, әлсіздігін мойындап, Оған ғана құлшылық етуде.

Жүрек қайғырса, иманнан ләззат ала алмаса, онда өміріміз баянсыз  әрі бақытсыз өтетіні анық. Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):  «Расында, денеде бір кесек ет бар, ол түзу болса, қалған дене бүтіндей түзеледі, ол бұзылса, қалған дене түгелімен бұзылады. Біліп қойыңдар, ол – жүрек» деген екен. (Бұхари, Муслим). Қазіргі қарбалас тіршіліктің арасында өмір сүріп, кейде жүрегіміздің үніне құлақ аспай қалатынымыз анық.

Дүние-мал жиып, онымен керегінше пайдалану, бала шағаның қызығын көріп, жоғары белестерден көріну, адамзат үшін қуаныш болып табылады. Алайда, жүректің тыныштығын ешбір дүниелік істер алмастыра алмайды. Қандай жағдай орын алса да, «бір кесек еттің» тыныштығы, әрі қайғыдан ада болуы-шынайы бақытқа жеткізеді.  

Я, Алла! Бізге дүние-ақыретте бақытты, иман ләззатын сезінуді нәсіп ет! Бізді жүректің тыныштығынан айырма! Фирдауста болатындардың қатарына жаз! Өзің разы болған күйде жанымызды ал!

Айқоңыр НҰРМҰХАМБЕТ,

Орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы