Наиб мүфти атыраулық имамға пәтер кілтін табыстады

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Шоқанов Атырауға сапары барысында имам Нұрсұлтан Нұрмұқанұлына пәтер кілтін табыстады.

“Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында 823 баспана кілті “Рамазан сыйы” жобасы аясында ұйымдастырылды.

Жаңа баспана иесіне наиб мүфти игі тілегін білдіріп, отбасы амандығы мен қызметіне береке тіледі. Атырау облысының бас имамы Болатбек Абудың айтуынша, имамдарды әсіресе жергілікті кадрларды қолдау алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Нұрмұқанұлы дін саласында еңбек етіп келе жатқан білікті кадрлардың бірі. Бір ұл, бір қыздың әкесі. Жолдасы екінші топ мүгедегі. Қазіргі таңда «Ықылас» мешітінің наиб имамы қызметін атқаруда.