Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы атыраулық жамағатқа насихат айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Атырау облысына сапары барысында орталық «Иманғали» мешітінде жамағатқа уағыз айтты.

Кездесуде бірлікті нығайту, мұсылмандар арасындағы ауызбіршілік, бауырмалдық тақырыбы сөз болды.

«Біз дінімізге, елімізге, тілімізге, дәстүрімізге берік болуымыз керек. Қазақты сақтап қалатын осы құндылықтар. Барлығымыз бір елдің баласы, бір қолдың сағасындай имамдарымызға ұйып, жақсы істердің жаршысы болып қызмет етуіміз керек», – деп атап өтті наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.