Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласының Орталық мешітінде жұма уағызын айтты.
Жамағатқа «Абай және жүрек ілімі» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Абай Хәкімнің өлеңдері мен қара сөздері осылайша біздерді түрлі жүрек дерттерінен арылуға, нәпсімізді тәрбиелеуге, рухани өрлеуге шақырады. Мысалы, ақын бабамыз «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңінде бес асыл іспен қатар, бес рухани кеселді, яғни, бес дұшпанды да атап көрсетеді:
Адам болам десеңіз,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншек, бекер мал шашпақ
– Бес дұшпаның, білсеңіз… – деп адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады. Осы бес дұшпан деп аталған, сипаттардың қайсыбірін алсақ та, дінімізде тыйым етілген, мұсылман адам үшін сақтануы қажет іс» деді.
Жұма намазынан кейін ҚМДБ Төрағасы Алматы Орталық мешітінің жамағатымен бірге дұға жасап, Алла Тағаладан еліміз бен жеріміздің тыныштығын, амандығын тіледі.