Өткен жылы Миялы қорғандарынан екінші «алтын адам» табылған болатын.
«Бұл Ұлы даламыздың дара жауһары. Құнды жәдігерлеріміз біздің 2 мың жыл бұрынғы терең тарихымызды кеңінен зерттеуге, ұрпақ санасына бабаларымыз жүріп өткен жолды дәріптеуге мүмкіндік береді» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музей қорында жер бетінен жойылып кеткен жануарлар, Аралтөбе қорғаны, Алтын адам, «Сарматтар соғысы» панорамасы, Сармат тайпасының әйел және ер адам мүсінінің бет-бейнесі, ағаш ыдыстар жиынтығы сынды құнды жәдігерлер қойылған.
Еске сала кетелік, Атырау облысына екінші мәрте іс сапармен келген Наурызбай қажы Тағанұлы мұнайлы өңірдегі тарихи-өлкетану мұражайына арнайы барған болатын.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.