Бүгін Атырау облысының ауылдарында “жұма намазы” оқылады

Бүгін облыстың жеті аудандарында және ауылдық мешіттерде қатаң санитарлық талаптарды сақтау жағдайында «жұма намазы» оқылады.

Атырау қаласындағы 7 мешітте және Құлсары қаласындағы мешітте «жұма намазы» оқылмайды.

Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы айтты.

«Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің рұқсатымен, өңірге қарасты жеті ауданда және ауыл мешіттерінде бүгін «жұма намазы» оқылады.

Атырау қаласындағы 7 мешітте және Құлсары қаласындағы мешітте «жұма намазы» оқылмайды. Барша жамағатты араға бір жыл сала келген қуанышты жаңалықпен құттықтаймын. Және қатаң жағдайда санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, бүгін Атырау облысы «жасыл аймаққа» өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Жасыл аймақта» тұрған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап “жұма намазын” оқуға рұқсат етілді.

Бұл туралы Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында белгілі болды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.