Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Атырау қаласында өткен «Ислам экстремизмге қарсы» халықаралық конференциясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.
«Ғақлия көзбен қарасаң,
Дүние – ғажап, сен – есік.
Жаһлы көзбен қарасаң,
Дүние – қоқыс, сен – меншік», – деп ғұлама әл-Фараби бабамыз айтқандай, мен осы ретте жас буын өкілдерін өмірдің әрбір сәтіне ғақлия, яғни ақылдың, даналықтың көзімен қарауға шақырамын. Ақылмен ақиқатты тану – аса маңызды мәселе. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әркімнің діні – оның түсінігі. Ақылы жоқтың діні де жоқ», – деген. Шеттен келген теріс пиғылдағы идеология қазақ халқын ешқашан жарылқамайды. Осыны түсінуіміз керек» деді ҚМДБ Төрағасы.