ӨҢІРДІҢ БАС ИМАМЫ АУДАН МЕШІТІНДЕ БОЛДЫ

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы «Зинеден ата» мешітінде Атырау облысының бас имамы жамағатпен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында бас имам жамағатқа Ислам дінінің бауырмалдық пен бірлікке үндейтін құндылықтары жайында насихат айтып, қазіргі қоғамдағы мұсылманның жауапкершілігі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, отбасылық тәрбие, жастардың діни білім алуы және мешіттің ағартушылық рөліне ерекше тоқталды.

Жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, ел тыныштығы мен халқымыздың амандығы үшін дұға жасалды. Кездесу соңында бас имам алла үйінің қызметінде жүрген жамағатқа алғысын білдірді.

Еске сала кетсек Зинедет ата мешіті 2012 жылы пайдалануға берілді. Ерлер, әйелдер залы, дәрісхана, имамдар бөлмесі, тахаратхана мен асханасы бар.