Қасиетті Ораза Айт мерекесінің құрметіне Атырау мешіттерінде ауқымды іс-шаралар өтті. Соның бірі – ерлер жамағаты арасында ұйымдастырылған ұлттық ойындардан жарыс.
Атырау облыстық орталық мешітінде ерлер жамағаты арасында қазақ күресі, кір тасын көтеру, бұқа тартыс бойынша сайыстар ұйымдастырылды.
Қазақ күресі бойынша өткен бәсекеде бірінші орынды Нұржан Байбосынов иемденді. Екінші және үшінші орындарды Арманжан Аралұлы мен Дулат Багенов өзара бөлісті.
Кір тасын көтеруден бәсекеде Қуаныш Бекжанов бас бәйгені иеленді.
Екінші орынды Амандық Қалаубаев иеленді. Үшінші орынды Алпамыс Айтмұханов жеңіп алды.
Бұқа тартыс сайысында Дулат Багеров талассыз жеңіске қол жеткізді.
Екінші және үшінші орындарды Нұржан Байбосынов пен
Арманжан Аралұлы өзара бөлісті.
Қой көтеру сайысында оқ бойы Аманбек Аруов оза шықты.
Жеңімпаздардың барлығына ақшалай жүлделер мен дипломдар табысталды.
Ал, қой көтеруден және қазақша күрестен оза шыққан жеңімпаздарға қой малы сыйға берілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.