Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына арнайы барып, жұртшылықты Ораза Айт мерекесімен құттықтады.
Сапар аясында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы бүлдіршіндерге айттық тарату рәсіміне қатысты.
«Ораза Айт – тәрбиелік, рухани мәні, маңызы зор мереке.
Рамазан – береке мен бірлік, бейбітшілік, игілік, кешірім, мейірім және қайырымдылықтың айы болса, үш күн бойы аталып өтілетін Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке. Біз жас бүлдіршіндерімізді құттықтау арқылы, оларға мерекенің қадір-қасиетін ұғындыруды мақсат етіп отырмыз» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.