Жылыойда мұқтаж отбасына баспана табыс етілді

Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында мүмкіндігі шектеулі үш баланы жалғыз өсіріп отырған Ақмаржан Сағидоллаева баспана табыс етілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында осылайша Құлсары қаласынан 2 бөлмелі баспана беріліп отыр.

«Ақмаржан қарындасымыз бізге көмек сұрап хабарласқан болатын. Халықтың қолдауымен санаулы күн ішінде Ақмаржанға пәтер алудың сәті түсті. Баспанаңыз құт-берекеге толсын. Сынақтарыңыздың жеңілдігін берсін» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Баспананы табыс ету рәсіміне Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, қоныс той иелерін құттықтады.

Еске сала кетелік, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырау облысы бойынша қырық үй, Жылыой ауданы бойынша үшінші баспана табыс етіліп отыр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.