amin.kz/16 наурыз, 2020 жыл. Президент Үндеу барысында коронавирустың таралуы алаңдатып отырғанын атап өтті.
Бұл індет күннен-күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08:00-ден бастап Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режімі 30 тәулікке созылады» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ ол Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылғанын атап өтті.
«Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-Министр басқарады. Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады. Көпшілік қатысатын шаралар тоқтатылды. Көптеген азаматымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін. Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз» деді Президент.