«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді» деп хабарлайды «Борт№1» телеграм каналы.
Президентті өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады. Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.