Қазақстан Конституциясына 25 жыл: Тәуелсіздік тарих тағылымдары (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 30 тамыз, 2020 жыл.  Қазақстан Конституциясы – елдігіміздің, бірлігіміздің символы.

Биыл тәуелсіз еліміздің Конституциясына 25 жыл.

Сонау Күлтегін дәуірінен бастау алатын ата-бабаларымыздың азат мемлекет орнату жолындағы асыл мұраты қазақ даласындағы дала заңдарымен жалғасты.

«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы» сынды заңдар жинағы қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған еді.

Тәуелсіз еліміздің Конституциясы бүгінде – заманауи азат еліміздің өткенін, бүгінін және болашағын байланыстырған бірегей символға айналды.

amin.kz ұжымы барша қазақстандықтарды Конституцияның 25 жылдығымен құттықтайды.

Орталық «Иманғали» мешітінің бапасөз-қызметі.