ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шақыруымен бүгін елімізге Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде келді.
Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайынан құрметті қонақтарды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақы дәстүрге сай күтіп алды.
Айта кетейік, 6 мамыр күні ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Түркістан қаласында түркі мемлекеттері мүфтилер алқасының қатысуымен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Еске сала кетсек, бүгін түске дейін Түркістанға Түркия мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әли Ербаш келген болатын.