Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Кереку өңірінде өткен республикалық Құран байқауын тікелей эфирде бірқатар шетел мұсылман мұсылмандары тамашалады.
Игі іс-шарада Бас мүфти: «Екі күнге созылған Құран байқауы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде және «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан, мүфтияттың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан онлайн көрсетілді. Біздің бұл игі іс-шарамызды сонау Оңтүстік Корея Республикасындағы, бір заманда Сұлтан Бейбарыс бабамыз басқарған Египеттегі, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Иордания еліндегі мыңдаған мұсылман қауымы көрді. Республикалық Құран байқауының халықаралық деңгейде насихатталып жатқаны жүрекке ерекше қуаныш сыйлайды. Аллаға шексіз шүкір» деді.
Айта кетсек, 14-15 қыркүйек күні Павлодар қаласында өткен республикалық Құран жарысында қасиетті Құранды толық жаттаудан бірінші орын иеленген Әбілқайыр Жұбанға (Алматы қаласы) Бас мүфти автокөлік кілтін табыстаған болатын.