amin.kz/ 3 тамыз, 2020 жыл. Құрбан айт мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған айттық сыйлықтар Атырау облысы бойынша барлық мешіттерде таратылды.
Мұндай ерекше акция республика бойынша Атырау облысында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Акция аясында «Сәбилер үйі», «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілерімен бірге, қала, аудан, ауыл балалары тәттілер толтырылған сыйлықпен қамтылды.
«Құрбан айт – қуаныш мерекесі. Және ол үлкенге де, кішіге де ортақ мереке. Тәттілер салынған қорапшалар – жай ғана сыйлық емес. Балаларымыз үшін тәрбие» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Құрбан айттың қасиетін бала санаға жастайынан сіңірудің жолын Атырау облысының мешіттері осылай ұйымдастырып отыр.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.