amin.kz/ 3 тамыз , 2020 жыл. Оның ішінде, Атырау қаласы және Жылыой ауданында құрбан айт кезінде 346 қой, 152 тоқты, 58 ешкі, 21 ірі-қара онлайн тапсырыс арқылы құрбандыққа шалынды. Осылайша, 43 мың тонна ет таратылды.
Ал, Махамбет, Мақат, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарында орталық мешіттер санитарлық талаптарды сақтай отырып, құрбандықтың офлайн режимде шалынуына мүмкіндік жасады.
Онлайн форматта құрбандық шалу мүмкіндігі Атырау қаласы және Жылыой ауданы тұрғындарына берілді. Осылайша, Атырауда онлайн форматта 346 қой, 152 тоқты, 58 ешкі, 21 ірі-қара онлайн тапсырыс арқылы құрбандыққа шалынды.
Мақат ауданында барлығы 11 ірі – қара, 54 қой малы құрбандыққа шалынды. Құрбан малының еті Мақат ауданының орталық мешітінің ұйытқы болуымен барлығы 264 мұқтаж отбасына таратылды.
Исатай ауданында Зинеден Құрасұлы орталық мешітінің ұйытқы болуымен 6 сиыр, 3 қой құрбандыққа шалынып, мұқтаж отбасыларға үлестірілді.
Махамбет ауданының орталық мешіті санитарлық талаптарды сақтай отырып, 14 ірі-қара, 5 қой малының құрбандыққа шалынуын ұйымдастырды. Осылайша, құрбан малының еті 230 отбасына таратылды.
Индер ауданында 9 сиыр, 21 қой құрбандыққа шалынды. Индер аудандық орталық мешітінің ұйытқы болуымен құрбан малының еті 250 отбасына үлестірілді.
Осындай ізгі шара Қызылқоға ауданында да жалғасын тапты. Қызылқоға аудандық мешітінің ұйытқы болуымен 8 сиыр, 204 қой-ешкі малдары құрбандыққа шалынып, құрбандық еті 662 аса мұқтаж отбасыларына берілді.
Құрманғазы ауданында 18 ірі – қара , 284 қой малы құрбандыққа шалынып, 675 мұқтаж отбасына үлестірілді.
Сонымен бірге, бірқатар аудандарда құрбан малының етімен бірге, мұқтаж отбасыларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері үлестірілді.
Еске сала кетелік, пандемияға байланысты биылғы Құрбан айт мерекесі кезінде құрбан шалуда өзіндік ерекшеліктер болды. Атап айтқанда, жұртшылыққа qurban2020.kz сайты арқылы, қашықтықтан құрбан шалуға мүмкіндік берілді.
Құрбандығыңыз қабыл болсын!
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.