Құрбан айт: Құспан молла мешіті сәбилерге ерекше сый жасады (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 31 шілде, 2020 жыл. Бүгін Құрбан айт мейрамының құрметіне орай, Атырау қалалық Құспан молла мешіті 400 сәбиге сыйлық таратылды.

Тәттілерге толы айттықты Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров тапсырды.

«Құрбан айт мұсылман әлемі үшін үлкен мереке. Мерекені жас сәбилерімізге сезіндіру арқылы, бауырмалдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу мақсатымыз.

Карантин жағдайында өтіп жатқан Құрбан айтымызда атқарылып жатқан игі істерімізді қабыл етсін» дейді Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.