Қызылқоға ауданында «Зират және зиярат әдебі» талқыланды (+ФОТО)

Қызылқоға ауданында Атырау облысы имамдарының көшпелі жиыны өтті.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастап барған делегация Қызылқоға аудандық мешітінде ақсақалдармен кездесті.

Кездесу аясында имамдар мен ақсақалдар халық арасында жиі талқыланып жүрген «Зират және зиярат» мәселесіне байланысты мәселелер көтерді.

«Тумақ бар жерде, өлмек бар» демекші, бір адам дүние есігін ашып, өмірге келіп жатса, кей адамдар бұл дүниеден озып жатады. Бұл өзгермейтін ақиқат.


Дүниеден озған адамның артында қалған ұрпақтары мен жанашыр жақындары «Марқұмның топырағы торқа болсын», «Алла алдынан жарылқасын», «Жаны пейіште шалқысын», «Иманды болсын» деп ізгі тілек пен дұға жасап жатады.


Қасиетті Құранда айтылғандай, Алла Тағала адам баласын тіршілік иелерінің ең ардақтысы етіп жаратқан. Сондықтан, тірі адам қандай құрметті болса, қайтқан кісілер де сондай қадірлі. Сол себепті адам тәні көмілген зираттарды құрметтеу, таза ұстау, қорғау, бүлінген жерін түзету секілді бірқатар әдептерді ұстану тірілер үшін талап етіледі.


Ұсынылған құжаттың негізгі мақсаты – қабірлерді тұрғызудың және оларды зиярат етудің халыққа ортақ мәдениетін қалыптастыру болып табылады» деп атар өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Кездесу аясында Бас имам бірқатар өзекті мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі