Қызылқоғада Жангелдин ауылында мешіт салынып жатыр

Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жангелдин ауылына барды.

Қазіргі уақытта Жангелдин ауылында 300 орындық мешіт салынып жатыр.

Мешіт құрылысымен танысқан Бас имам бірқатар тапсырмалар берді.

Заманауи мешіт ғимараты имамдар бөлмесі, дәрісхана, кітапхана, намаз оқу залдарымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

«Біздің мақсатымыз – шалғай орналасқан ауылдарда мешіт тұрғызумен шектелмейді. Әр мешіт тәрбиенің, білімнің ұясы болуы керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.