Қасиетті Рамазан айының басталуына орай, Атырау облысы бойынша барлық мешіттерде жамағатқа арналған алғашқы ауызашар дастарханы жайылуда.
Соның бірі орталық «Иманғали» мешітінің ауласында 500 адамға арналған арнайы киіз үйлер тігіліп ауызашар дастарханы берілді.
Демеуші жандардың қолдауымен күнделікті 500 жанға арналып жайылатын тегін ауызашар дастарханы Рамазан айы бойы жалғасады.
Алғашқы ауызашар отырысына жиылған жамағатқа Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, құттықтау лебізін білдірді. Және Рамазан айының қадір-қасиеті жөнінде насихат айтты.
Сондай-ақ, бесін және құптан намаздары алдында мешіт имамдары діни сұрақтарға жауап беріп, жамағат үшін пайдалы кеңестерін бөлісіп отырады.