Қасиетті рамазан айында Атырау облысы өкілдігіне қарасты мешіттерде 7 197 уағыз-насихат айтылып, 1 862 525 адам қамтылды. “Рамазан сыйы” қайырымдылық акциясы бойынша 32 іс-шара ұйымдастырылып, 1530 адамға көмек берілді. “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында екі дін қызметкеріне қызметтік баспана табысталып, 7470 балаға рамазан тәттілері таратылды.
Айт намазына облыс мешіттерінде 26 750 адам қатысты. Мейрам күні әр түрлі бағытта 11 шара өтіп, 17 126 адам айт мейрамды тойлауға атсалысты.


















