Атырауда орталық «Иманғали» мешіті Рамазан құрметіне орай, балаларға сыйлықтар үлестірді.
Рамазан сыйлықтарын орталық мешіт ұстаздары, еріктілер ойын алаңдарына, орталық алаңдарға апарып таратты.
«Рамазан – ізгілік айы. Рамазан – қуаныш айы. Балаларға қуаныш сыйлау арқылы Рамазанды сезіндіргіміз келді. «Берсең, балаға бар» деген сөз тамаша айтылған» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.