Атырау қаласындағы “Атырау” селолық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Рамазан айының құрметіне 10 мұқтаж отбасына азық-түлік пакеттері таратылды.
Бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер салынған қаптарды мешіт жастары және еріктілер мұқтаж шаңырақтардың үйлеріне жеткізіп берді.
“Рамазан – берекесі мол ай. Рамазан – қайырымдылық айы. Мұқтаж шаңырақтарды қолдау шаралары жалғасады” дейді “Атырау” селолық мешітінің наиб имамы Асылбек Ғұмаров.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.