Атырау қаласы, Тасқала ауылындағы “Мәулімберген” мешітінде 20 мұқтаж отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.
10 мұқтаж отбасына азық-түлік мешітте таратылды. Қалған 10 отбасы жергілікті “Соқырлар қоғамының” мүшелеріне табысталды.
“Берекелі Рамазан” жобасы аясында жасалып отырған шарамыз жалғасын табады. Біздің мақсатымыз – Рамазанның шарапатын барша адамға сезіндіру” дейді “Мәулімберген” мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.



Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.