Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жылыой аудандық орталық мешіті ерекше шара ұйымдастырды.
Мешітте бір мезетте 500 адамға зәм-зәм суы таратылды.
“Рамазан құрметіне зәм-зәм суын таратуымыздың ерекше мәні бар.
Зәм-зәм суында түрлі ерекше қасиеттер бар. Ол ауруларды емдеп жазады, адамға қуат бітіреді, аштық сезімін басады. 3әм-зәмнің Қағба маңында орналасуының өзіндік мәні бар” дейді Жылыой аудандық орталық мешітінің ұстазы Думан Балықшиев .




Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.