Атырауда демеушілер орталық мешітке шаңсорғыштар тарту етті

Қасиетті Рамазан айында орталық мешіт тазалық жұмысына арналған соңғы үлгідегі шаңсорғыштармен толықтырылды.

«Аура Қазақстан» және «Түркістан мәдениет қоры» қоғамдық қорының демеушілігімен аталған мекеменің Атырау облысы бойынша филиалының басшылары Диханбай Каюмов және Аслан Ахметов табыстады.

Құны 1 миллион теңге тұратын шаңсорғыштар мешіт игілігіне пайдаланылатын болады.

Атырау облысының бас имамы демеушілерге алғысын білдірді