Рамазан күнделігі: Атырау мешіттерінде 50 отбасына азық-түлік таратылды (+ ФОТО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Атырау қаласындағы бірқатар мешіттер мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізіп берді.

Әлеуметтік қамқорлыққа мұқтаж отбасы ретінде Атырау қалалық әкімдігінің тізімінде тұрған мұқтаж шаңырақтарға бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер салынған пакеттер берілді.

Қайырымдылық шарасына Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті, Атырау қалалық Құспан молла мешіті, Атырау селолық мешіті, «Анашым» мешіті, «Мәулімберген» мешіті, «Сұлтан Бейбарыс» мешіті, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт атсалысты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.