Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Шара аясында орталық мешіт жанындағы «Қайырымдылық мекемесі» әлеуметтік жағдайы төмен 60 отбасына киім-кешек үлестірді.
«Мың айдан да қайырлы Рамазанда ауыз бекітіп, нәпсіні тиюмен бірге, сауапты іс жасап, қайырымды болғанның орны бөлек. Тіпті, мүмкіншілігі жоқ азаматтар жанындағы бауырлары үшін жақсы дұға жасаса да сансыз сауапқа кенеледі. Рамазанда жабырқау жандарға жылулық сыйлауға асығайық» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Көмекке мұқтаж болған жандар қайырымдылық шарасын ұйымдастырған мешіт ұжымына алғыс білдірді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.