Атырауда Жұлдыз мешітінде қайырымдылық акциясы өтті (+ВИДЕО)

Атырау қаласының Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қайырымдылық акциясы өтті.

Рамазан айының құрметіне орай өткен акция 15 отбасын қамтыды.

Әлеуметтік жағдайы төмен, зағип жандар қамтылған акция аясында азық-түлік себеттері мұқтаждардың үйлеріне жеткізіліп берілді.

«Мұсылман үшін отыз күн ораза ұстау ұлық ғибадат. Бұл күндерде ораза ұстаумен қатар, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау да Алла құзырындағы сауабы мол амалға жатады. Ізгілік шаралары жалғасады» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің имамы Айтжан Абдиров.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.