Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Сұлтан Бейбарыс мешітінде мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж шаңырақтарға азық-түлік таратылды.
Жалпы салмағы 1 тонна, 700 келі болатын себеттерде бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері салынған.
«Рамазан айы – шарапаттың, мейірімнің айы. Ізгі шараларымыз жалғасады» деді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.