Қасиетті Рамазан айының құрметіне Мақат аудандық орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Акция аясында 16 шаңырақ бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтылды. Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы отбасылар қамтылды.
«Рамазан – мейірімнің, ізгіліктің айы. Қасиетті ай құрметіне өткен қайырымдылық шараларымыз одан әрі жалғасады. Мақсатымыз барлық азаматтарға Рамазанның берекесін, жақсылығын сезіндіру» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Еске сала кетелік, қазіргі уақытта мұсылман әлемі Рамазан айының оразасын ұстауда. Рамазан 30 күнге жалғасады. Бекітілген пітір садақа мөлшері – 500 теңге.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.