Махамбет ауданының Ақтоғай ауылында мешіт салынып жатыр

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барып, Ақтоғай ауылында салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.

Құрылысы қарқынды жүріп жатқан мешіт 150 орындық. Мешіт жанында асхана, имам үйі салынуда. Сонымен бірге, ерлер мен әйелдерге арналған таһаратхана құрылысы жүруде.

Мешіт құрылысымен танысып шыққан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бірқатар тапсырмалар берді.

«Мешіт сапалы салынуы керек. Әрине, құрылысты белгіленген мерзімде аяқтаған жөн. Сол үшін сапалы, нәтижелі жұмыс атқаруға шақырамын. Халықтың тілегімен салынып отырған мешіттеріміз руханияттың, тәрбиенің ошағы болуы керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.