Рамазан айына байланысты сауалдарға жауап берілуде

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі тікелей эфирде көрермен сұрақтарына жауап берді.

«Оразадағы өзекті сұрақтар» атты сұрақ-жауап форматындағы онлайн бағдарламаға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы мен Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Бауыржан Әбдуәлі мен Медет Құрмашұлы қатысты.

Діни басқарманың МУФТИЯТ ҚМДБ YouTube-арнасында және Instagram желісіндегі @muftiyatkz парақшасында өткен тікелей эфирде оразаға қатысты жыл сайын қайталанатын дәстүрлі сұрақтар да, заман ағымына орай туындаған сауалдар да қойылып, тұшымды жауап берілді.