Рамазан айында Атырауда қандай шаралар өтеді?

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Рамазан айында аймақ мешіттерінде атқарылатын шаралар туралы баяндады.

«Ең бастысы, мешіттерімізде Құран Хатым түсіріледі. Қазіргі таңда мешіттерде Тарауық намазы оқылуда. Сонымен бірге, мешіттер жанынан киіз үйлер тігіліп, ауызашар дастархандары берілуде.

Мұның сыртында балаларға базарлық акциялары, қайырымдылық шаралары жоспарланып отыр. Біздің мақсатымыз – Рамазанның мейірім мен ізгілік айы екендігін қоғамның әр мүшесіне сезіндіру» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.