Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бастау алған “Рамазан сыйы” қайырымдылық марафоны өңірде қарқынды жүргізілуде.
Аталған шара аясында 80 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Игі шара зекет және қайырымдылық қорының маманадымен бірлесе отырып, Құспан молла, Қажымұқан Мұңайтпасов мешіттерінде бірлесе ұйымдастырылыды.
Атырау облысының бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы арнайы барып рамазан айындағы игі бастамаларға қолдау көрсетті.
Өздеріңіз білетіндей, Рамазан айы басталғалы мешіттерімізде әр түрлі форматта қайырымдылық ізгі шаралар жүргізілуде.
Атап айтар болсақ, бірінші кезектегі азық-түлікпен, бабаларға тәттілер таратумен, үлкендер мен студенттерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ауызашар дастархандары жайылып, көпшіліктің батасын алуға сеп болып отыр.
Біздің мақсат Алланың разылығын ала отырып, халықтың мүддесіне қызмет ету. Оның үстіне қасиетті ай болғандықтан барынша жиі жақсылық жасауға тырысамыз.
Алла Тағала аналарымызға жақсылық, имамдарымыз бен осы істегі демеуші жандарға абырой нәсіп етсін,-деп ізгі тілегін жеткізді.
Айта кетейік, қайырымдылық шарасы бірінші кезекті мүмкіндігі шектеулі, мүгедектер ұйымы, жалғызбасты аналар мен шынайы мұқтаж жандарға берілуде.






